Синоптиктердің болжауынша, республиканың барлық аумағында жел күшейіп, тұман болады.
Тұман және көктайғақ: 5 қарашада бірнеше өңірде ауа райы бұзылады
4,790
оқылды

"Қазгидромет" 5 қарашада Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы туралы болжам және дауылды ескерту жасады,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек шығыста, орталықта атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстік-батысында көктайғақ болып, жаңбыр жауады. Елде тұман болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді", - делінген "Қазгидромет" РМК жазбасында.