Іс материалдарына сәйкес, 30 қазанда ер адам әйелін ұрып-соққан. Әйел оның үстінен арыз жазған, бірақ ер адам патрульдік көлікке отырудан бас тартқан.
Әйелін ұрып-соғып, полициядан қашып кеткен қостанайлық айыппұл төлеп құтылды
565
оқылды

Ер адам өз пәтерінде әйелін ұрып-соққан. Жәбірленуші оның үстінен полицияға арыз түсіреді, бірақ тиран күйеуі тәртіп сақшыларына бағынбай, әбігерге салған. Сол үшін сотқа да тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оған қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, 30 қазанда ер адам әйелін ұрып-соққан. Әйел оның үстінен арыз жазған, бірақ ер адам патрульдік көлікке отырудан бас тартқан.

"Сот азамат Е.-ні аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл және ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ", – деп жазды жергілікті басылым.