Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында жоғалып кеткен әйел банк картасынан Астана қаласында сатып алулар жүргізілгені анықталды.
"Үйінен таңертең ерте кеткен": Ақмола облысында 22 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті
2,451
оқылды

Ақмола облысының полицейлері үйден кетіп, қайта оралмаған тұрғынды іздеп жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 8 қарашада Степногор қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 жастағы жұбайы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түсті.

2023 жылдың 31 қазанында таңғы сағат 08:00 шамасында қыз үйден шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, ұялы телефоны өшірулі. Сол күні бұл өтініш тіркеліп, іздеу шаралары ұйымдастырылды.

 Белгілері: бойы 160-165 см, орташа дене бітімді, шашы қара қысқа, көздері қоңыр, мұрны түзу, ерні жұқа, құлағы кішірек келген. Киімі: қызғылт сары шәпке, қара, қысқа куртка, қара джинсы, қара етік, өзімен бірге жасыл түсті сөмкесі бар.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында жоғалып кеткен әйел банк картасынан Астана қаласында сатып алулар жүргізілгені анықталды.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр, жоғалған туралы ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес аймақтарға жіберілді.

Хабар-ошарсыз кеткен Елена Моисееваның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген жандардан ішкі істер органдарына хабарлауын сұраймыз.