Samsung ЖИ жарысында соңғы қатысушы болып 2024 жылы алғаш рет ақылды құралдарды өз смартфондарында қолданбақшы. Samsung AI Forum 2023 форумында компания код жазудан бастап мәтіннен бейнелер жасап таңғалдыратын генеративті ЖИ платформасын жасағанын жариялады. Ол басқа компаниялардың ЖИ құралдарынан ерекше болмақшы.
Жаңа Samsung смартфонында жасанды интеллект орнатылады
Фото Samsung сайтынан алынды
1,810
оқылды

Slashgear.com сайтында Samsung компаниясының ЖИ платформасын жасайтыны туралы мақала жарияланды. Samsung Gauss деп аталатын платформаның ерекше сипаттарымен Aikyn.kz америкалық сайтқа сілтеме жасап таныстырады.

Фото Samsung сайтынан алынды

Samsung AI Forum 2023 форумында компания код жазудан бастап мәтіннен бейнелер жасап, қолданушының тапсырмаларын орындай алатын генеративті ЖИ платформасы Samsung Gauss-ты таныстырды. Samsung Gauss смартфондарға 2024 жылдан бастап орнатыла бастайды. Әлемдегі жасанды интеллект дүрбелеңіне Samsung соңғылардың қатарында кіретін болды.

Google қазірдің өзінде Pixel 8 сериялы телефондарының негізіне ЖИ-мен жұмыс істейтін көптеген шешімдерді ұсынып, өзінің Bard чат-ботын жақсартуды жалғастыруда. 

Флагмандық телефон чиптерін жасаушы Qualcomm және MediaTek компаниялары Snapdragon 8 Gen 3 және Dimensity 9300 процессорларын пайдаланып, мәтінді бейнеге генерациялау және үлкен тіл үлгілерін қолдау сияқты генеративті ЖИ мүмкіндіктерін ұсынады. Жаңа смартфонның мүмкіндіктері мына видеода:

Ал Samsung-тың Gauss жасанды интеллект платформасы алғаш рет Galaxy S24 сериясында келесі жылдың басында Qualcomm компаниясының ЖИ-ді ұнататын чипімен ұсынылады. Samsung Gauss 3 функционалы бар OpenAI формуласына ұқсас етіп жасалады. Біріншіден, бізде Samsung Gauss Language қойылады. Компанияның айтуынша, Gauss Language «электрондық хаттар жасау, құжаттарды қорытындылау және контентті аудару» сияқты тапсырмаларды орындай алады.

Екіншіден, Gauss код жазушы болады. Аты айтып тұрғандай, ол код пен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үшін қолданылатын кодтар жазуға көмектеседі. Samsung оны бастапқы кодты жасауға арналған құрал емес, қарапайым аспектілерді өңдеу, кодты сипаттау және сынақ жағдайларын жасау арқылы тапсырмаларды жылдамдатуға көмектесетін көмекші ретінде орналастырады. 

Үшіншіден, Samsung Gauss Image-ті ұсынады. Бұл OpenAI компаниясының Dall-E үлгісіне ұқсас генеративті модель, ол пайдаланушыларға жазба мәтін бойынша бейнелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерде Samsung бәсекелестерінен бір қадам алға шығатынға ұқсайды. Компанияның айтуынша, Gauss Image пайдаланушыларға ЖИ арқылы жасалған бейнелерді өңдеуге, тұнықтығы төмен фотосуреттердің өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді.

Фото Samsung сайтынан алынды

Қазіргі кезде Samsung қызметкерлері Gauss платформасын жан-жақты сынақтан өткізуде. Сәтті нәтиже көрсеткен құралды Samsung-тің негізге өнімдерінде қолдану жоспарланған.

PaLM 2 деп аталатын ең үлкен тіл үлгілерінің бірін қолданатын Google өзінің Pixel сериялы телефондарына интеллектуалды ЖИ мүмкіндіктерін қосумен айналысуда. Apple әлі iPhone-ға арналған ЖИ-ге қатысты құпиясын ашпай отыр. 

Нарықтағы Samsung үлесін ескерсек компания смартфондардағы ЖИ жарысында бірден көшбасшыға айналуы ешкімді таңғалдыра қоймас.