Атырау қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев екі ай қамауда отырады
855
оқылды

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев екі ай қамауда отыратын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынған еді. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.