Спортшының бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келген.
Футболшы Бақтиёр Зайнутдинов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті
2,598
оқылды

Қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдинов «Бешикташ» клубының құрамында кезекті ойынын өткізді. Спортшы Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» клубының ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кеткен. Салдарынан Зайнутдиновтың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келген. Осылайша, «Истанбул Башакшехирмен» болған ойынның 41-минутында жартылай қорғаушыны ауыстыруға тура келді.

Футболшы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Аталған ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.