Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берілді.
Алдағы Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
644
оқылды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 16 қараша күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл заң тиісті саладағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті реттеуге арналған.

Заң нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бірқатар құжатты қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште жинауға, өңдеуге тыйым салу белгіленеді.

Сонымен қатар Бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берілді.