Мұндай ахуал әлем елдерінде де бар.
Астанада ақылы автотұрақсыз кептеліс мәселесі шешілмейді – әкім
Tripster
823
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ақылы автотұрақтарсыз елордада кептеліс мәселесі шешімін таппайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қалада ақылы автотұрақтар болуы тиіс. Мұндай шешім әлем елдерінде де іске асырылып жатыр. Онсыз ешбір әлем астаналарында көлік кептелісі мәселесі шешілмейді», – деді әкім.

Оның мәліметінше, қазір ақылы автотұрақ жұмысына жауапты компаниямен серіктестік қатынастары қайта қаралып жатыр. Егер әкімдік ұсынған талаптармен келіспесе, онда бұл компаниямен арадағы шарт тоқтатылады.

Яғни, жақында әкімдік автотұрақ орындарына қатысты өзгеріс жасайды. Бұл ретте, әлеуметтік нысандардың маңында – ауруханалар, мектептер аймағындағы орындарда тұрақтар тегін болады.

Сонымен қатар әкім елорданың сол және оң жағалауындағы бірқатар көшеде біржақты көлік қозғалысы болатынын айтты.