Еліміздің бәсекеге қабілет­тілі­гі халықтың білім деңгейіне ті­келей байланысты.
Жайлы мектеп – сапалы білім
1,183
оқылды

Дүние­жү­зі­лік банктің мәліметінше, эко­но­мика өсімінің 16 пайызы фи­­зикалық капиталға, 20 пайы­зы табиғи капиталға, қалған 64 пайызы адами және әлеу­мет­тік капиталға байланысты. Сон­­дықтан еліміздің әр баласы сапалы және жоғары білім иесі болу мақсатында Мемлекет бас­­шысы өзінің әр Жолдауында бі­­лім саласына айрықша көңіл бөліп келеді. 

Жайлы мектеп – жарқын болашақ кепілі

Мәселен, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір жә­не әрдайым» сайлауалды бағдарламасына сәй­кес, биыл жыл соңына дейін шағын қалалар­да­ғы, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңартылады. Оқу-ағарту министрлігінің хабар­лауын­ша, қазір 941 мектепте жаңарту жұмыстары аяқ­талды.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы­мен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 740 мың орын­дық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өз ке­зегінде  апатты жағдайдағы және үш ауысымды мек­тептер мәселелерін шешеді. 

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған респуб­­­ликалық бюджетте 2,4 трлн теңге қа­­рас­­­­тырылған. 2023 жылы 461 мың орын­дық 217 мектеп құрылысын бас­тап, оларды келер жылдың соңына де­йін пайда­­лануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мек­теп құрылысын бастап, олар­­ды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.

 Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қаты­суын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізген еді. Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қа­зақ­­стандық тауар өндірушілерден са­тып алынады. Сондай-ақ сыртқы қас­­­беттерді әрлеуде қолданылатын ма­­­­­­териалдардың басым бөлігі отан­дық өндірістің тауарлары болмақ. Кәсіп­­керлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткі­­зуді жос­­парл­­­ауға және тиімді шарт­­­тар­­­­­мен жобаны қаржыландыруға мүм­­­кіндік беретін алдын ала келісім­шарт­тарды қолдану қарастырылған.

Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салы­нып жатқан мектептерді жаб­дық­тау үшін жиһаздар мен құрал-жабдық­­­­тарға қажетті барлық техника­лық шарт­­тарды анықтаған. Үкімет қабыл­­­­да­­­­ған өзгеріс­терді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсет­кіштеріне мониторинг жүргі­зіледі.

Бұдан бөлек, қоғамдық монито­ринг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзір­ленуде. Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қо­ғам­­­­­дық дашборд арқылы бақылауға мүм­кіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объек­тіде бейнебақылау каме­ралары орна­тылып жатыр.

Сонымен қатар орта білім беру сала­сында инфрақұрылымды дамыту, 3 ауы­сымдық апатты мектептердің мәсе­лелерін жүйелі шешу Мемлекет бас­­­­­шы­­­сының басты назарында. Мә­се­­­­­­лен, биыл 1 қазанға дейін елімізде 78,5 мың орындық 77 мектеп ашыл­ған. Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көзі есебінен 137,7 мың орынға арнал­­ған 165 мектепті, оның ішінде «Білім беру инфрақұрылымын қол­дау» қоры есебінен 77 мың орындық 62 мектепті пайдалануға беру жос­­парлануда. Бұл өз кезегінде 12 апатты және 29 үш ауы­­­сымдық мектептің мәселесін және 113 ауылдық елді мекен­дердегі мектеп тапшылығын ше­шуге ықпал етпек.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 217 мектептің құ­­рылысын бастау көзделгенін де айта кеткен жөн. Аталған жоба аясында елі­мізде алдағы екі жылда барлығы 740 мың орындық 369 жайлы мектеп са­лу жос­­парланған. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының ал­шақтығын қысқарту жағы да ми­нистр­­ліктің назарында. Бұл мақсатта 1000 ауыл мектебін жаңғырту жұмыс­тары жүргізілуде.

Бүгінде 900-ге жуық мектепті жаң­ғырту аяқталды. Сонымен қатар робот техникасы, СТЕМ, химия, фи­зика, биология пәндерінен 1000 зама­науи кабинет ашу жұмыстары жүр­­­гізілуде. Қазір 958 мектеп заманауи ка­бинет­термен жабдықталған. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық орындалмақ.

Жастар – ел дамуының қозғаушы күші

Ел болашағы кашан да жастарға тікелей байланысты. Ресми дерек­­­­­терге сәйкес Қазақстанда жастар ел халқының жалпы санының 20,2 пайызын құрай­ды. Жастар ел дамуының болашағының стратегиялық ресурсы. Бүгіні мен ертеңінің қозғаушы күші. Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды да­­мытудың 2023-2029 жылдарға арнал­­­ған тұжырымда­масы қабылдан­­ғаны белгілі. Құжат аталған саланы өркен­детудің страте­гиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды.

Биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдар­­­­­ламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайыз­ға, магистратура мен док­­торантурада 15 пайызға көбейген. Жо­ғары оқу орын­да­­рындағы профес­­сор-оқытушы­­лар құрамының жала­­қысы 160 мың тең­геден 350 мың тең­­­­ге­­­­ге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өскен. Соны­мен қа­тар студенттер жа­­тақхана­­­­ларындағы орын тапшылығы үш есе, яғ­ни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азай­ға­нын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ студенттер Coursera жаһандық онлайн білім беру платфор­масында оқу мүмкіндігіне ие болып отыр. Қазірдің өзінде 40 мыңы серти­­фикат алды. Платформадағы 100 не­­­гізгі курсты қазақ тілінде оқуға бо­лады.

Мемлекет басшысына Қазақ­­стан­ның әлемдік білім беру кеңісті­­гінде белсенді ілгерілеп келе жатқаны туралы баяндалды. QS рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіреді.

Жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік универси­теттер филиалдарының саны сегізге жетпек. Халықаралық компания­лар­мен бірлесіп, жасанды интеллект саласында кадр даярлау ісі басталды.

Білікті ұстаздар – білімге құштарлар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге және білім беру саласын дамытуға көп көңіл бөлуде. Оның айғағы ретінде, 2019 жылы Педа­гог мәртебесі туралы заң қабылданды және қазірдің өзінде құжаттың оң әсерлері байқалуда. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша педагог­тердің жалақысы ұлғайтылды және 2024 жылғы қаңтар айынан бастап тағы 25%-ға өсетін болады.

Мемлекет басшысының тапсыр­­­масы бойынша педагогтерді аттестат­­тау жүйесін жетілдіру жұмысы қарқын алу­да. Атап айтқанда, ұлттық плат­фор­­ма базасында педагог қызметінің нәти­желерін қалыптастыру процесі авто­­маттандырылуда. Аттестаттау тәрті­біне өзгерістер енгізу мақсатында осы жыл­дың мамыр айында жұмыс тобы құ­рылып, оның құрамына білім беру­дің әр деңгейі бойынша педа­­гогтер мен сарапшылар кірді. Бiлiм берудiң барлық деңгейлері мен педа­гогикалық лауазым­дардың ерекше­лiк­­­терiн анық­тау бойын­ша жұмыстар жүргiзiлдi. Нәтижесінде, әр білім деңгейі бойын­ша жеке лауазым сана­­ты үшін бағалау критерийлері мен тиімділік көрсет­кіштері әзірленді. Әр білік­тілік санаты үшін белгіленген критерийлер сара­ланды. Бұдан басқа, сабақты бақы­лаудың автоматтан­­­дырылған түрі әзі­рленді, ол нақты сабақ мысалында сынақтан өткізілді.

Педагогтерді аттестациялаудың жаңар­тылған жүйесі 2024 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің төрт об­лысында: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында пилот­тық режимде іске қосылады. Жобаны толық іске асыру 2024 жыл­дың көкте­мінде басталады деп жос­парлануда.

Еліміздің мектептерінде 350 мың­нан астам педагог еңбек етсе, оның ішінде 220 мыңнан астам педагогке аттестация қорытындысы бойынша тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына үстеме ақы төленетінін атап өткен жөн. Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педа­­гог-модераторға 30% үстеме ақы қосы­лады. Еліміз бойынша барлығы 73 820 пе­дагог-модератор, 81 168 сарап­­­шы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар. 

Мемлекет басшысының тапсыр­­­масы бойынша 4 жыл ішінде педа­­гогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жыл­дың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

2022 жылдан бастап, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықара­­лық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұға­лімдерге келесі мөлшерлерде бір­жолғы сыйақы беріледі. 

Сапалы білімнің негізі педагог­­тер­дің әлеуетін үзіліссіз арттыруда жатыр. Бүгінде педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту жүйесі түбегейлі өзгертілуде. Биыл 140 мыңнан аса педагог білік­тілікті арттыру курс­­тарымен қамты­лады. Бұл ретте ауыл педагог­теріне басымдық берілуде. Олардың үлесі 70% құрайды.

Мемлекет басшысының тапсыр­­масы бойынша аса өзгермелі жағдай­ларда басқаруға дайын кәсіби көш­бас­­­шыларды іріктеу және даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көш­басшысы» жобасы қолға алынды. Оның бірінші кезеңі аяқтал­­ды. Қазір 210 қа­зақстандық педагог «педагоги­калық білім беру» бағыттары бойынша «Бола­шақ» халықаралық бағ­­дарламасы ая­сында шетелде тағы­­лымдамадан өтуде. Педагогтерді ын­­таландыру мақ­са­­тында қызметінде жүр­ген тәжірибелі топ менеджерлер «Болашақ» бағдар­лама­сымен 3-6 ай­­лық тағылымдамадан өту үшін шетел­ге жіберілетін болады.

Келешекке кемел біліммен

Мемлекет жастарға жоғары білім алуға жан-жақты қолдау көрсетіп ке­ле­­­ді. Мәселен, соңғы 6 жылда универ­­­ситеттерде оқуға арналған гранттар саны іс жүзінде 2 есеге өсті. 2017 жы­лы бөлінген гранттар саны 38 мыңнан астам болса, биыл 73 мыңнан астам грант (бакалавриат) бөлінген. Сон­дай-ақ үш жыл ішінде бір білім алу­шыға жұмсалатын қаражат көлемі 2019 жылғы 420 мың теңгеден 2023 жыл­­ғы млн теңгеге дейін екі есе өскенін атап өт­песке болмас. 

Сонымен қатар 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өс­уін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар са­ны айтарлықтай өседі деп күтілуде. Бұл ретте гранттар санын арттыру олар­дың көбін жоғары біліммен қам­туға мүм­кіндік бермейді. 

Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек бала туу көрсет­кішінің көбеюіне байланысты бола­шақ­та білім беру жүйесіне түсетін жүк­теменің едәуір артатынын атап өткен еді. Бүгінде мем­лекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын грант­тармен қамту­ға мүмкіндік береді. Алай­да қолданыс­­тағы тәсілдер сақталса, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шама­мен 15%-ға дейін қысқарады. Бұл ретте Министр­­лік 2020 жылдан бастап жыл сайын гранттар санын орта есеппен 10%-ға ұлғайтады. Осыған байланысты Мем­ле­кет басшысының Жолдауын орын­дау аясында азаматтарға жоғары білім­ді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде қолданыстағы қолдау шараларын біріктіретін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды. Білім берудің қол­жетімділігі мен сапасы ресурс­тарды шоғырландыру және мемлекет, биз­нес, оқу орындары мен азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу есе­бінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бірін­ші мамандықты алғанға де­йін балаларды толық қолдауға мүмкіндік бермек.

Аталған жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашуға болады, оған мем­лекет 60 АЕК мөлшерінде (5 жастағы балаларға) білім алуға бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемле­­­кеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Осылайша, айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа тол­ғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналмақ. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарна­лары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін көбейсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар халықтың әлеу­меттік осал топтарын қолдаудың қо­сымша шаралары көзделеді, әсіресе өзгерістер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты болады. Сондай-ақ ақшаның құнсыздануынан қорғау құралдары қарастырылған.

«Келешек» ерікті жинақтау жүйе­сін енгізу мәселесі қазақстандық от­ба­­сылардың барлығына қатысты екенін атап өткен жөн. Онда мемле­кеттен берілетін бастапқы капитал, ата-аналардың ерікті салымдары, инвести­циялық кіріс және мемлекет­тік сыйақы қарастырылған. Осылай­ша, жеңілде­тілген білім беру несиеле­рінің интег­рациясын ескере отырып, «Келешек» бірыңғай ортақ жинақтау жүйесінде мемлекеттік қолдау шара­лары шоғырл­андырылатын болады. Оқуға түскенше жинақталған қаражат жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етуге мүмкіндік бермек. 

 

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында Қазақстанның экономи­ка­лық даму стратегиясының өзегі аза­маттардың мүддесі мен сұранысы еке­ні айрықша атап көрсетілді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сапаға ерекше екпін түсіріп, білім сапасын жақсарту және мұға­­лімдердің біліктілігін арттыру міндеттерін белгілеп берді. Мұның ал­дын­дағы Жол­дауларда да білім сала­­сына тікелей қа­тысты мемлекеттік тұ­жырымдар мен басымдықтар ай­­­­­­­қын­­­­­далған болатын. Шы­нында да, отандық білім жүйесінің үздік үрдіс­терін сақтау арқылы әрдайым алға, халықаралық озық әдіс-тәсілдерді меңгеруге ұмтылу бәсекеге деген қабі­­­­лет­­­­тілігімізді арттырары сөзсіз. Еңбек десе, ерінбейтін, озық идеялар­дан жалық­пайтын, ұлттық құнды­­­лық­тарды қадір­­леп-қастерлейтін, отаны­мыздың игілігі үшін бар ақыл-қабілетін жұм­­­сайтын білімді де білікті ұрпақ тәрбие­­­леу – мемлекетімізді қуатты ете түспек.

Наурызбек САРША