Облыста мұндай ауа райы бүгін де, 22 қарашаға дейін сақталады. Кей аймағында жел секундына 30 метрге дейін күшейеді.
Ақтау қаласында қатты дауыл тұрды
896
оқылды

21 қараша күні Ақтау қаласында қатты дауыл соқты, жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын бейнежазбаға түсірген. Дауылдан пирс бұзылып, Каспий теңізіне түсіп кеткен. Бұл жайында Lada.kz жазды.

Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында қатты жел екі үйдің шатырын жұлып кеткен. ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.