Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, әкесінің зорлау әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жалғасқан.
Павлодарда екі жыл бойы туған қызын зорлап келген ер кісіге іздеу жарияланды
861
оқылды

Павлодарда өзінің туған қызын үнемі зорлап келген күдіктіге іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылды", – деп жазды Павлодар облысының Полиция департаменті.

Қайда жүргені туралы бағдар аймақ пен елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді.

Қыздың анасының өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, әкесінің зорлау әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жалғасқан. Бұған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.