Сот үкімімен әйелге 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шымкентте қазақстандықтарды 56 миллион теңгеге алдаған әйел сотталды
Фото: freepik.com
4,526
оқылды

Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды, – – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

34 жастағы алаяқтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар.

Арам пиғылды азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан алған ақшаның жарты сомасына сатып алып отырған.

Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген.

Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. 

Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.