Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
5,690
оқылды

"Қазгидромет" 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.