Ведомство мәліметіне қарағанда, күдіктіге Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша айып тағылған.
Жетісу облысында 14 жастағы ұл баланы жаттықтырушысы зорлаған
1,363
оқылды

Жетісу облыстық Полиция департаменті Талдықорған қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысын қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Спорт мектебінің 25 жастағы жаттықтырушысы өзінің 14 жастағы шәкіртін – ұл баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген ақпаратта.

 

Қылмыстық іс Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.