Шахматтық турнир – спорттық ойын ғана емес, нағыз интеллектуалдық жарыс.
Жас шахматшылар бәсекеге түсті
1,119
оқылды

8 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласындағы Медеу аудандық білім бөлімінің қолдауымен №77 мектепте 5-6 және 7-8 -сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Медеу ауданының барлық ойыншылары алдымен салтанатты жиынға қатысты.

Ойын барысында қатысушылар арасында шахмат ойынының керемет комбинациялық шеберліктері көрсетілді. Ең үздік, мықты деген шахматшылар мәреге шықты. 5-6 және 7-8-сынып оқушыларынан 6 қатысушы жеңімпаз атанды.

Ойын соңында олар түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстардың жеңімпазы  Дінмұхамед Төлендиновпен бір  уақытта ойын өткізді.

Шахматтық турнир  спорттық ойын ғана емес, нағыз интеллектуалдық көрініс. Ол шахматшыларды біріктіріп қана қоймай, ойынның нағыз бағалаушы одағын құрады.