Одан бөлек, 6 адам жарақат алды.
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды
653
оқылды

Қостанай облысында кеше жол апаты болып, салдарынан 2 адам мерт болды, тағы 6 адам әртүрлі жарақат алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өңірлік олиция департаментінің порталға берген ақпаратына сәйкес, кеше «Алматы-Қостанай-Екатеринбург» тасжолында Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігін басқарған 72 жастағы жүргізуші «КамАЗ»-бен соқтығысқан.

Соққыдан SsangYong айналып кетіп, оны Lada Granta соқты. Соқтығыс салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты, – делінген хабарламада.

Портал ақпаратынша, SsangYong көлігінің тағы 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек, Lada Granta жүргізушісі мен 2 жолаушысы зардап шеккен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалған.