Электр жарығының сөнуіне аймақтағы ақтүтек боран себеп болған.
Қостанай облысында 114 елді мекен  тұрғындары әлі жарықсыз отыр
551
оқылды

Қостанай облысына қарасты 15 аудан мен бірқатар елді мекенде әлі жарық жоқ. Әзірге электр энергиясы Қостанай мен Рудныйда ғана қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елді мекендердегі тұрғындардың жарықсыз қалуына ақтүтек боран себеп болған.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік жоғалып кеткен зейнеткер мен оның немересін іздеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

– 27 желтоқсан 9:00-дегі жағдай бойынша, облыстағы тасжолдарда 24 адам құтқарылды, 35 тұрғын эвакуацияланып, 317 адам жылыту орындарына жеткізілді, - деді ведомстводан.