Ол – Қостанай облысынан сайланған Бибігүл Аққұжина.
Сенат мандатын алған жаңа депутат ант берді
545
оқылды

Халық қалаулысы рәсімді Сенат отырысында орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – деп Бибігүл Аққұжина ант мәтінін оқыды.

Ант қабылдағаннан кейін Бибігүл Аққұжина Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитетінің құрамына сайланды.