Шолпан Каринова бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қоғамда балалар мен әйелдерге қатысты қылмысқа жол берілмеуі керек – Шолпан Каринова
608
оқылды

"AMANAT" партиясының хатшысы Шолпан Каринова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған мәселелер бойынша пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шолпан Каринова, сұхбатта қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерге қатысты пікір айтылғанын атап өтті.

"Бәрі еліміз үшін аса маңызды. Президент тағы бір мәрте “Мен елімізде «заң мен тәртіп» қағи­датының орныға түскенін қалай­мын. Сондықтан нақты жауап бере­йін, тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын", – деді Ш.Каринова.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, елімізде заң үстемдігін нығайтуға ықпал жасау қажет екенін де айтып өтті.

"… Біз қоғамды ішінен іріте­тін, адамгершілікке жат қылықтарды ақ­тау­­ды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек” – деп, Президент заң үстемдігі, тәртіпті күшейтіп, зорлық-зомбылыққа жол бермеуді мықтап айтты. 

Қоғамда балаларға және әйелдерге қатысты қылмысқа, зомбылыққа еш жол берілмеуі керек.