Басшылардың заңсыз әрекеті әшкере болды.
Мекеме басшысы мемлекет меншігіндегі көліктерді заңсыз сатып жіберген
adilettv.kz
825
оқылды

Жамбыл облысы Қаратау қаласының тазалығына жауапты мекеме басшылары мемлекет меншігіндегі 4 көлікті сатып жіберген. 

24.kz-тің дерегінше, «Таза-Талас» кәсіпорнының басшысы мен оның орынбасары автокөліктерді жарамсыз көлік ретінде заңсыз есептен шығарыпты. 

Олар тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға қолма-қол ақшаға сатқан. Қызметтік көліктердің нарықтағы құны – 6-7 миллион теңге. Салдарынан мемлекетке 22 миллион теңге залал келді. 

Енді коммуналдық мекеменің басшысы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметпен өмір бойы айналыса алмайды.

Облыс прокуратурасының басқарма басшысы Ақберген Мүлкіманов: «Қазіргі таңда күдіктілердің іс-әрекеті бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқыру және қызметтік жалғандық фактілерімен сараланды. Мемлекетке 3 автокөлік анықталып  қайтарылды. 4-автокөлікті қайтару қарастырылып жатыр. Іс сотқа жолданады», – деді. 

Бұған дейін ЖОО орнындағы жемқорлық туралы жазған болатынбыз.