ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жасап жатыр.
Алматы облысында үш есiрткi зертханасы жұмыс істеген
783
оқылды

Алматы облысындағы сала мамандары есірткі өндіретін үш жасырын есірткі зертханасын бір мезетте жапты,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Оның екеуі фитолаборатория болып шықты.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді.

Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды. Оның екеуі - таяу шетел азаматтары.

"Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы, жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жабылды. 400-ден астам есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы  шетелдіктер.