Депутат өзіне Ресейге 2070 жылға дейін кіруге тыйым салынғанын атап өтті.
Депутат Айдос Сарым Ресейге барса, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты
Фото: parlam.kz
848
оқылды

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзіне Ресейге кіруге шектеу қойылғанын айтты. Бұл туралы депутат Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Тина Канделакиге қатысты "Бұл дұрыс. Оған сөз бен эмоция құртудың қажеті жоқ. Өзімізді сыйлауымыз керек" деді мәжілісмен.

Сонымен қатар депутат өзіне Ресейге 2070 жылға дейін кіруге тыйым салынғанын атап өтті.

"Маған Ресей ФҚК-дан хабарлама келген. Шекарадан өтсем, 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін. Беларусь Республикасына барсам да солай. Ешкім ештеңе түсіндірмеді", – деді депутат.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейтінін айтқан болатын.

Бұған дейін Айдос Сарым Тина Канделакидің сөзіне қатысты пікір білдірген болатын.