Оңтүстік Кореяда қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 4-күні аяқталды. Әзірге жер­лес­теріміз – 14-орында. Хок­кейшілер Испания мен Ұлыбритания құрамаларын ірі есеппен ұтып, жартылай финалға шықты.
Спортшылар – 14-орында
1,273
оқылды

– Дүниежүзінің мықты мемле­кеттері қатысты, соның ішінде қа­зақ елі тұғырдан секіруден бірін­ші орын алды. Бұл қуанышымызға бәрі таңғалып, құттықтап жатыр. Жалпы, мұнымен шектелмей, ал­дағы уақытта елімізде қысқы спорт түрлерін дамыту керек деп ойлай­мын. Оған бар жағдай да жасалған. Тұғырдан секіру болсын, шаңғы спорты, биатлон, спорт түрлерінің бәрін Қазақстанда жақсы дамытуға болады. Ол үшін жергілікті жер­лерде осы қысқы спорт түрлеріне, әсіресе қысқы мезгілдерде ерекше қөңіл бөлу керек деп есептеймін, – деді Қазақстан Республикасының Жасөспірімдер олимпиадасына дайындық штабының басшысы Елсияр Қанағатов.