Ертең, яғни 30 қаңтар күні қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен жарысқа шығады.
Канвон-2024: 30 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
788
оқылды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының аяқталуына тура 3 күн қалды. Аталған додада қазақстандық спортшылар әлі де сынға түсіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ертең, яғни 30 қаңтар күні қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен жарысқа шығады.

Атап айтсақ, шаңғы жарысының классикалық түрінен 7,5 шақырымдық бәсекесінде, сондай-ақ, керлингтен аралас жұптық сайыста ел құрамасы Италияға қарсы ел намысын қорғайды.

Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Шаңғы жарыстары

Классика. 7,5 шақырым.

8:00. Қыздар

10:30. Ұлдар

Берік Боранбаев

Әубәкір Тотанов

Милана Мамедова

Виолетта Митропольская

Керлинг

15:00. Аралас жұптық бәсеке.

Қазақстан - Италия

Мерей Тастемір

Ибрагим Тастемір.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.

Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.