«Ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр.
Ақпанда ауа райы қандай болады?
Фото: oir.mobi
22,161
оқылды

Ақпан айында Қазақстанда күн райының тұрақсыз сипаты болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады,  деп жазады Kazinform

«Ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр. Алайда жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20-28 градус, күндіз -10 -15 градусқа дейін суытады»,  деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Ұзақмерзімді күн райы басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекова.

Бұдан басқа, келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуымен жылымық ауа температурасының күндіз солтүстік облыстарда сәл ғана, ал оңтүстік облыстарда +5 +15 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр.