Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман, жел, көктайғақ: 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: inbusiness.kz
1,808
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін де Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қар жауады деп күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауады.

Республика бойынша тұман, боранмен бірге жел күшеюі мүмкін, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болады», – деп жазды ведомстводан.