Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оралда үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды
643
оқылды

БҚО Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 2 ақпан күні болған.

«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойында үйдің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу жүргізуде», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін Оралда жарылыс болғаны туралы жазған болатынбыз.