Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруы мүмкін.
Головкин Қазақстанда лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін
Фото: DAZN
2,112
оқылды

Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин лауазымды қызметке тағайындалуы мүмкін, – деп жазады Vesti.kz.

YEDILOV ONLINE телеграм арнасының мәліметінше, Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруы мүмкін.

41 жастағы Головкин рингке кейінгі рет 2022 жылы Лас-Вегаста шығып, Сауль Канело Альварестен жеңілген болатын.

Осыдан кейін GGG орта салмақта WBA, IBF және IBO белбеулерін бос қалдырды.