Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, тұман түседі: 13 ақпанға арналған ауа райы болжамы
© Sputnik / Абзал Калиев
891
оқылды

«Қазгидромет» РМК 13 ақпанға арналған райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсер етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. 

Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады.