Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
823
оқылды

Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды,– деп хабарлайды Aikyn.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1991-1995 жылдары ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жылдары Т.Рысқұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.

Еңбек жолы: 

Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды (07.2004-03.2019);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020);

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (03.2022-10.2023);

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (11.10.2023-тен қазіргі уақытқа дейін).