Кейінгі ақпарат бойынша, өртті сөндіруге 104 адам мен 29 техника жұмылдырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында жұмыс істеп жатқаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған.
Сағат 11.31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны шығарылды.
Қоймада өртті сөндіру жұмыстарын жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуы қиындатып жатыр.