Нысаннан шыққан қою түтінге байланысты өрт аумағын анықтау әлі мүмкін болмады.
Алматының барахолкасындағы өрт оқшауланды
580
оқылды

17 ақпанда сағат 12:28-де өрт сөндірушілер Алматыдағы барахолка қоймасындағы өртті оқшаулап үлгерді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нысаннан шыққан қою түтінге байланысты өрт аумағын анықтау әлі мүмкін болмады.

Осы уақытта өрттен шыққан түтін қалаға таралып, қаланың әр жерінен қара түтін көрінеді.

Өрт сөндірушілер мұқият жұмыс істейді. Себебі қоймада жарылғыш заттар бар: газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, бояу және лак өнімдері.

Өртті сөндіруге ТЖД 104 адамы мен 29 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 17 ақпан күні сағат 10:40-та өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Көкмайса-27 шағынауданындағы жоғары деңгейдегі хабарламаға аттанған еді.