Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
1,387
оқылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жомарт Шияпұлы Әлиев экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жомарт Әлиев 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы Краснояр совхозында механизатор болып бастаған.

1993-1999 жылдары – «Васильковский» тау-кен байыту комбинаты кенінің ашық таулы жұмыстар учаскесінің шебері.

1999-2002 жылдары – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің металдар және көмірсутек шикізаты бөлімдерінің бас маманы.

2002-2005 жылдары – «Орталыққазжерқайнауы» аумақтық басқармасының өңірлік жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының бастығы.

2005-2010 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.

2010-2012 жылдары – ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мемлекеттік бақылау және рұқсат беру басқармасының сарапшысы; бас сарапшысы.

2012-2014 жылдары – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерде болды.

2017-2022 жылдары «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ-мен келісімшарт бойынша жұмыс істеді.

2023 жылы — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі.

2023-2024 жылдары — ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.

2024 жылғы ақпан айынан бастап – экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Бұрын осы қызметте болған Бекмағамбетов Досбол Боташұлы берілген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.