Италиядағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады.
Қазақстандық боксшы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz
1,427
оқылды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық олимпиадалық турнирде қазақстандық боксшы Римма Волосенко алғашқы кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз бірінші жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго елінің өкілі Тианна Гуи кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша, Римма Волосенко төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін турнирдің бірінші күні шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов та жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. 

Италиядағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады.