Ақмола облысында есірткіге масайған күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды.
Ақмола облысында "шегіп алған" жүргізуші ұсталды
340
оқылды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:35 шамасында «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1140 шақырымында Новочеркасское ауылы маңында патрульдік полиция батальонының экипажы, полиция аға лейтенанты Б.Бейісов пен лейтенант А.Өтегенов «ВАЗ-2111» көлігін тоқтатқан, деп жазды Aikyn.kz.

«Көліктің қарайтылған әйнегі тәртіп сақшыларына күдік туғызған. Құжаттарын тексеру кезінде 56 жастағы жүргізушінің есірткіге масайғаны және көлік басқаруға рұқсат құжаты болмағаны анықталды», - деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, ер адам 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Яғни, 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

«Қазіргі кезде мас күйінде екінші рет рульге отырған жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты ведомстводан.