Богачук өз тізімінде Головкинді екінші орынға қойыпты.
Украиналық спортшы Головкинді ең мықты үш боксшының қатарына қосқан
613
оқылды

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық Сергей Богачук (23-1, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) қазіргі замандағы ең мықты боксшылар тізіміне қосты, деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz мәліметінше, Богачук өз тізімінде Головкинді екінші орынға қойыпты, ал көш басына суперауыр салмақта WBA, WBO, IBO және IBF чемпионы отандасы Александр Усикті (21-0, 14 КО) көтеріпті. Үшінші екі салмақта абсолют чемпион болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО).

"Қазіргі таңдағы ең мықты 3 боксшы:

1. Александр Усик

2. Геннадий Головкин.

3. Теренс Кроуфорд", - дейді Богачук Sport-express.ua басылымына берген сұхбатында.