Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.
Нұрбек Оралбай жеңіске жеткеннен кейінгі әсерімен бөлісті
Фото: qazsporttv.kz
1,648
оқылды

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирде қазақстандық Нұрбек Оралбай екінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз тоголық Преда Пабававимен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді.

«Құдай қаласа, енді екі жекпе-жек қалды. Қазақ елін қуанту үшін бар күшімізді саламыз. Қолдауларыңызға үлкен рақмет, сезіліп жатыр. Әрине, мұнда әлсіз боксшылар келмейді. Қазақ бокс мектебін көрсетіп, жеңіске жетіп жатырмыз», - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.