9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.
Бірінші ресми сапары: Геннадий Головкин боксшыларға қолдау көрсету үшін Италияға барды
Фото: ҰОК
1,724
оқылды

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсицио қаласына (Италия) барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жарыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынап жатыр.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл – Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.

Айта кетелік, бүгін, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді, ал Наталья Богданова мен Айбек Оралбай 1/8 айналымда жарыс жолына шығады.