Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін боксшылар турнирдің жартылай финалына өтуі тиіс.
Лицензиялық турнир: Ұлттық құрамадағы тағы бір боксшы жарыстан шығып қалды
Фото: olympic.kz
4,349
оқылды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Наталья Богданова екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

66 келі салмақта сынға түскен Наталья польшалық Анета Ригельскадан жеңілді. Осылайша өкінішке қарай, отандасымыз лицензиялық турнирдегі жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін боксшылар турнирдің жартылай финалына өтуі тиіс.