31 наурызда өтетін муниципалды сайлау Ердоғанның соңғысы болады.
Түркия президенті саясаттан кету мүмкін
© РИА Новости / Павел Бедняков
1,083
оқылды

Саясаткер 2028 жылы өтетін президент сайлауына қатыспайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғы сайлау болмақ. Ердоған бұл туралы TÜGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді. Ол заңнама бойынша өзіне берілген өкілеттіктерге тоқталды.

Сонымен бірге 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы (АҚП) өзі мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.