"Қазгидромет" синоптиктері 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Соған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.
Республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.
Ел аумағы бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейеді.