Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Палата төрағасы Ерлан Қошанов және Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиев, қоғам назарын аударып отырған қылмыстық іске қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Үлкен резонанс тудырған материал қоғамның жіті бақылауында. Бишімбаев ерекше қорғалмайды. Кез келген айыпталушыны қарулы жасақ алып жүреді", – деді Бас прокурордың орынбасары.
Ал журналистердің сот залына кіре алмауы тәртіптің қатаң сақталуына байланысты. БАҚ өкілдеріне арнайы бөлме жасақталады.
"Барлық ақпаратты сол жерден таратуға мүмкіндік болады", – деді Әсет Шындәлиев.