«Қазгидромет» синоптиктері 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен қар түріндегі жауын-шашын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.
«Тек ҚР батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл соғады», – делінген хабарламада.