"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 16 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
"Бұрқасын, көктайғақ, дауыл": 16 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: khabar.kz
999
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 16 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.