Мақсұт Исахов М.Сарбасовқа аса ірі көлемде пара бермек болды деген күдікке ілінген еді.
Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасарына қатысты сот жүріп жатыр
Фото: Оtyrar.kz
1,113
оқылды

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін куәгер ретінде Шымкент қаласы ҰҚК басшысының экс-орынбасары М.Сарбасовтың сөзі тыңдалып жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Оtyrar.kz жазуынша, сот талқылауы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтуде.

Айта кетейік, Мақсұт Исахов М.Сарбасовқа аса ірі көлемде пара бермек болды деген күдікке ілінген еді.

«Бізге «Старт Строй» өкілі келіп өзінің арызын жеткізді. Бұған дейін оның ісін Антикор бірнеше рет қабылдамаған екен. Сондықтан бізге келіп жүгінген. Кәсіпкердің арызын қабылдап алып, тиісті аппаратқа жібергенбіз. Ал Исаховпен жұмыс барысында бірнеше рет кездескенбіз. Соңғы кезде арадағы адамдар арқылы кездескенбіз», – деді М.Сарбасов.

Көп сұрақтарға Сарбасов «есімде жоқ» деп жауап берді.

«Басында қағазға жазып, 100 мың ұсынды. Кейін 200 мыңға көбейді. Бірақ мен жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген адаммын. Кейін рапорт бердік», деді М.Сарбасов.