Грузияда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді.
Дзюдодан Тбилисидегі турнирге кімдер барады?
Фото: olympic.kz
1,667
оқылды

22-24 наурыз күндері Грузияда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады. 

Аталған турнирде Қазақстан құрамасының бапкерлері төмендегі спортшыларға сенім артып отыр:

Ерлер:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов

66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан

73 келі: Бақытжан Әбдірахманов

81 келі: Мәди Амангелді

100 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Қыздар:

48 келі: Ғалия Тынбаева

52 келі: Балнұр Әбдешова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Кристина Сотникова

70 келі: Екатерина Токарева

78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина

+78 келі: Кәмила Берліқаш, Карина Такиева

Айта кетелік, Грузия астанасына жалпы есебі 500-ге жуық балуан жиналады.