Қос құрама жуырда ғана осында өткен «Ұлы Жібек жолы» турниріне қатысқан еді.
Қазақ-өзбек боксшылары бір дастарқан басында бас қосты (видео)
Фото: instagram.com/tulkin_kilichev/
6,999
оқылды

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Тулкин Киличев өзінің Instagram-парақшасында қазақ-өзбек боксшыларының бір дастарқан басында тамақтанған сәтінің видеосын жариялады. Ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшыларға батасын берген.

1bol.kz-тің жазуынша бұл отырыс Әзербайжан астанасы Бакуде болған болуы мүмкін. Өйткені, қос құрама жуырда ғана осында өткен «Ұлы Жібек жолы» турниріне қатысқан еді.

Аталған жарыста Қазақстан боксшылары үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

I орын

60 келі: Талғат Сырымбетов

71 келі: Дархан Дүйсебай

92 келі: Сағындық Тоғамбай

II орын

48 келі: Теміртас Жүсіпов

54 келі: Тимур Қабдешев

III орын

86 келі: Бекзат Таңатар

Айта кетейік, өзбек боксшылары Париж Олимпиадасына барлық салмақта қатысады. Ал, Қазақстан құрамасы 63,5 келіде әлі жолдама алған жоқ. Соңғы үміт – Тайландта өтетін лицензиялық жарыс. Бұл турнирге Қазақстан атынан кімнің қатысатыны 8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік кездесулерден кейін белгілі болады.