"Қазгидромет" синоптиктері 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста — көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста — жел күшеюі мүмкін», — делінген ақпаратта.