Ангелина Лукас Астанада өтетін іріктеу спаррингтеріне қатыса алмайтыны белгілі болды.
Ангелина Лукас ұлттық құрамада өнер көрсетуден бас тартты: ҚБФ мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997
2,663
оқылды

Қазақстан бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері Астанада өтетін Әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылатын спаррингтік кездесулерге қатысу үшін боксшы Ангелина Лукасқа шақырту жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 Алайда Ангелина Лукас бұл ұсыныстан бас тартқан.

«Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы соңғы рейтингтік жекпе-жегін 30 наурызда Таиландта өткізгендіктен және 20 сәуірге тағы бір чемпиондық жекпе-жегі жоспарланып тұрғандықтан өткен айқастан кейін тынығып, алдағы жұдырықтасуына дайындалу қажет болады. Сондықтан, Ангелина Лукас Астанада өтетін іріктеу спаррингтеріне қатыса алмайтындығы белгілі болды. Өз тарапымыздан боксшыны өткен жекпе-жектегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы айқасына сәттілік тілейміз», - деп хабарлады Бокс федерациясынан.