Зардап шеккен өңірлерге 170 635 келі гуманитарлық көмек жеткізілді.
Су тасқыны болған аймақтарда 8,8 миллион текше метр еріген қар суы сорылды – ТЖМ
780
оқылды

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Қорғалжың, Атбасар, Бұланды, Сандықтау және Целиноград аудандарында Нұра, Жабай, Есіл, Жыланды, Қайрақты өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккен өңірлерге 170 635 кг гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 524 жеке тұрғын үй, 502 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,8 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,4 млн. қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 899 аула аумағынан су бұрылды.